Бағыттар
Өзбекстан
Сарыағаш — Келес арқылы теміржолмен және автокөлікпен. Май, күнжара, соапсток.
Иран
Түрікменстан арқылы теміржолмен немесе Каспий порттары арқылы теңізбен.
Экспортқа не жеткіземіз
- тазартылмаған күнбағыс майы — цистерналарға құйып;
- күнбағыс күнжарасы — хопперлер мен фураларға үйіп;
- күнбағыс соапстогы және май қышқылдары — құйып, қыста жылытылатын цистерналарда.
Жеткізу шарттары
Келісімшартта Инкотермс 2020 бойынша бекітеміз:
- FCA Защита станциясы — вагондарды Өскеменде тиейміз, әрі қарайғы тасымалды өзіңіз ұйымдастырасыз;
- CPT баратын станция — станцияңызға дейінгі теміржол тарифін төлейміз;
- DAP — автокөлікпен шекара өткеліне немесе сатып алушының қоймасына дейін жеткіземіз.
Құжаттар
- келісімшарт және инвойс;
- СМГС теміржол жүкқұжаты немесе CMR халықаралық автомобиль жүкқұжаты;
- тауардың шығу тегі сертификаты;
- партияның зертханалық талдау нәтижесі;
- ветеринариялық немесе фитосанитариялық сертификат — сатып алушы елдің талаптары бойынша;
- КО ТР 024/2011 сәйкестік декларациясы — күнбағыс майы үшін.
For international buyers
Balmai supplies crude sunflower oil, sunflower cake, soapstock and sunflower fatty acids from Ust-Kamenogorsk, Kazakhstan, since 2011. Minimum lot is 20 tonnes; we ship by rail tank cars and hopper wagons from Zashchita station or by truck. We prepare export documents and quote delivery to your station.